Жеке үйдің қолданыстағы электрмен қамтамасыз ету жүйесін басым тұтынушылар үшін ҮҚК орната отырып жетілдіру

13.02.2022

Бұл жоба үш кезеңде жүзеге асырылды. Бірінші кезең барысында қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесіне тексеру жүргіздік. Екінші кезең барысында өрт қауіпсіздігін, электр қауіпсіздігін жақсартуға арналған жабдықтардың, сондай-ақ қымбат тұратын тұрмыстық техниканы кернеу ауытқуларынан, кернеудің төмендеуінен және т.б. қорғау құрам бөліктерінің ең аз санының тізімі жасалды, осы кезеңде біз қажетті үздіксіз қоректендіру көзін (ҮБК), желіде кернеу жоғалған жағдайда ҮБК жұмысының қажетті уақытын және басым жүктемелерді таңдадық; үшінші кезең барысында жоба іске асырылды. Төменде жобаның кезеңдер бойынша іске асырылуы сипатталған.

Жеке үйдің электрмен жабдықтау жүйесін зерттеу нәтижелері

Үйдің есептеу қалқаны (ЕҚ) (Фото 1):

  1. Кіріс автоматының номиналы 16 А, үйді қоректендіруші шығыс автоматының номиналы 32 А - автоматтардың селективтілігі бұзылған. Яғни, шамадан тыс жүктеме немесе қысқа тұйықталу жағдайында төмен номиналды автомат іске қосылып, неәтижесінде барлық құрал жабдықты толықтай өшіріледі;
  2. Кірісте төмен және жоғары кернеуден қорғаныс жоқ, бұл қымбат тұрмыстық техника мен электрониканың істен шығуына әкеп соғуы мүмкін;
  3. Кірісте «өртке қарсы ҚАҚ» деп аталатын қорғаныс ажырату құрылғысы жоқ, ол желідегі тоқтың жылыстауына жауап береді және өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында қызмет етеді. Сондай-ақ, осы ҚАҚ орнатылуы өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша талап етіледі;
  4. Кірісте қымбат тұратын тұрмыстық техника мен электрониканы істен шығаруы мүмкін электр берудің әуе желісіне найзағайдың түсуінен немесе коммутациялық асқын кернеулерден (желідегі трансформаторлық қосалқы станцияда ажырату/қосу кезінде кернеудің өсуі орын алуы мүмкін) туындаған импульстік асқын кернеулерден қорғайтын қандай да бір қорғаныс жоқ;
  5. Жерге тұйықтау контуры жоқ;
  6. Монтаждаудың орындалу деңгейі төмен;
  7. Қалқанның электр схемасы жоқ;
  8. Кабельдік затбелгілер, шығыс желілерінің атаулары жоқ Контур заземления отсутствует.

Фото 1. Үйдің есептеу қалқаны (ЕҚ)

Өзін көтергіш оқшауланған сымды (ӨОС) бағаннан үйге жалғау (Фото 2):

  1. ӨОС жапсарлас құрылыстың алдыңғы есігі арқылы енгізілген;
  2. Жалғау ауа арқылы жүзеге асырылған. Сым бір жағынан бағанға арнайы бекіту арматурасымен бекітілген, ал екінші жағынан үйдің жапсарлас құрылысына сыммен бұрп бекітілген.

Фото 2. Бағаннан үйге жалғау

Үй ішіндегі тарату қалқандары (Фото 3):

  1. Үйде әр қабатта бір-бірден үш тарату қалқаны бар;
  2. Қалқандарда, жоғарыдағы ЕҚ қалқанында сипатталғандай, селективтілік сақталмаған;
  3. Розеткалар желісінің шығыс желілерінде адамдарды электр тоғы соғуынан және өрттен қорғайтын дифференциалды қорғаныс жоқ. Бұл қорғаныс өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына және электр қондырғыларын орнату ережелеріне сәйкес қажет етіледі;
  4. Автоматтардың номиналдары шығыс кабельдік желілерінің қимасына қатысты дұрыс таңдалмаған. Автоматтың максималды рұқсат етілген тоғы кейбір жағдайларда, кабельдің максималды рұқсат етілген тоғынан асады, яғни желінің ұзақ уақыт бойы шамадан тыс жүктелуі нәтижесінде автомат ажырпайды, кабель қыза бастайды және оқшаулаудың балқуына немесе өртенуіне әкеп соғуы мүмкін;
  5. Қалқанның электр схемасы жоқ;
  6. Автоматтардың атаулары көрсетілмеген.

Фото 3. Бағаннан үйге жалғау

Тапсырыс берушінің жалпы ескертулері мен тілектері:

  1. Жерге тұйықтау контуры жоқ;
  2. Тапсырыс беруші кейін газ қазанын қайта іске қосу қажет етілетін кернеудің жиі қысқа мерзімді ажыратылуына шағымданды;
  3. Тапсырыс беруші үйдің электр жабдықтарын кернеудің ауытқулары мен төмендеуінің барлық түрлерінен қорғауды сұрады.

Шешім

Біз тапсырыс берушінің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, анықталған мәселелердің оңтайлы шешімін таңдадық:

  1. Есептеу қалқанының (ЕҚ) кірісінде номиналы жоғары автоматты, жоғары және төмен кернеуден қорғау құрылғысын (УЗМ), қорғанысты ажыратудың селективті құрылғысын (УЗО-S), импульсті асқын кернеуден қорғау құрылғысын (ИКҚҚ) орнату туралы шешім қабылданды (төменде келтірілген ЕҚ қалқанының схемасын қараңыз);
  2. Есептеу қалқанында (ЕҚ) үй автоматының «А» фазасын қоректендіретін бір фазалы ҮҚК қосуды көздеу қажет (төменде келтірілген ЕҚ қалқанының схемасын қараңыз);
  3. Үйдегі қалқандардың фазаларын ауыстыруды жүзеге асыру, «А» фазасына барлық жарықтандыруды, газ қазанын, жылу жүйесінің циркуляциялық сорғыларды, тоңазытқышты, қонақ бөлмесіндегі теледидарды, WI-FI маршрутизаторын қосу. Яғни, «А» фазасына біз үздіксіз қоректендіру көзінен қоректенетін басым тұтынушыларды қостық;
  4. Сыртқы АКБ бар, қуаты 6 кВА құрайтын бір фазалы on-line ҮКК кіріс және шығысын орнату. 5 кВт жүктеме жағдайындағы дербес жұмыс ұзақтығы - 1 сағатты, 1,5 кВт - 3 сағатты құрайды;
  5. Жерге тұйықтау контурын монтаждау;
  6. ӨОС кіріс сымын қайта тарту және бекіту;
  7. Автоматтардың номиналдарын барлық тарату қалқандарындағы кабельдердің қималарына сәйкестікке келтіру;
  8. Іске қосу-оңдау жұмыстарын жүргізу;
  9. Электр зертханасында сынақтар жүргізу.

ЕҚ қалқанының схемасы

AQTech сайтына арналған

Тапсырыс беру

Менеджеріміз сізбен хабарласады