Бір фазалы үйге арналған энергия жинақтау жүйесі

03.03.2022

Бұл жоба үш кезеңде жүзеге асырылды. Бірінші кезең барысында қолданыстағы электрмен қамтамасыз ету жүйесіне тексеру жүргіздік. Екінші кезеңде тапсырыс берушінің тілектерін ескере отырып, сыртқы батареялары бар қажетті ҮҚК типі таңдалды. Үшінші кезең барысында жоба іске асырылды. Төменде жобаның кезеңдер бойынша іске асырылуы сипатталған.

Жеке үйдің электрмен қамтамасыз ету жүйесін зерттеу нәтижелері

Бізге жүгінудің негізгі себебі болып қалалық желінің қысқа мерзімге жиі өшірлуі табылды.

Үйдің қысқаша сипаттамасы:

  • Үй үш фазалы желіден қуат алады;
  • Үй үш қабатты;
  • Әр қабатта жеке электр тарату қалқаны орнатылған;
  • Негізгі тарату қалқаны жертөледегі.

Фото 1. Қолданыстағы негізгі тарату қалқаны

Шешім

Зерттеу нәтижелеріне қол жеткізілгеннен кейін ең қолайлы шешім ұсынылды:

  1. Негізгі тарату қалқанын ауыстыру;
  2. Бір фазаға аккумуляторлы батареялары (АКБ) бар инверторды қосу;
  3. Жұмыс барысындағы үзіліс үйдің тіршілігін бұзатын басым тұтынушыларды инвертормен фазаға қосу. Мысалы: газ қазаны, циркуляциялық жылыту сорғысы, сумен қамтамасыз ету сорғысы, тоңазытқыш, бейнебақылау, жарықтандыру, интернет, автоматты қақпа, дабыл.

Резервтік қоректендірудің принциптік схемасы

Бас тарату қалқаны

Бас тарату қалқаны

Бас тарату қалқаны

Жобаны жүзеге асыру

Бас тарату қалқаны

Қалқан орнатылған бөлме

Сөредегі АКБ

AQTech сайтына арналған

Тапсырыс беру

Менеджеріміз сізбен хабарласады