Бизнес орталықтың қолданыстағы электрмен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңарту және жетілдіру

09.02.2022

Бұл жоба үш кезеңде жүзеге асырылды. Бірінші кезең барысында қолданыстағы электрмен қамтамасыз ету жүйесіне тексеру жүргіздік. Екінші кезең барысындағы зерттеу нәтижесі болып анықталған негізгі мәселелерді шешу үшін оңтайлы шешімдер таңдау табылды. Сондай-ақ, тапсырыс берушімен жоба және смета келістірілді. Үшінші кезең барысында жобаны жүзеге асырылды. Төменде жобаның кезеңдер бойынша іске асырылуы сипатталған.

БО ғимаратының электрмен қамтамасыз ету жүйесін зерттеу нәтижелері

Үйдің тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажет. Соның ішінде:

  1. БТҚ балқымалы сақтандырғыштар негізінде орындалған. БО иесінің айтуынша, бұл қалқанның кемшілігі болып электриктің қызметіне қажеттілік болып табылады, себебі сақтандырғыштардың біреуі күйіп кеткен жағдайда білікті электриксіз ештеңе де тындыра алмайды. Электриктің келуі, күйіп кеткен сақтандырғышты ауыстыру салыстырмалы түрде ұзақ уақытты алады, бұл жалға алушылардың жұмысының тоқтауына әкеп соғады;
  2. Сақтандырғыштардың номиналдары шығыс кабельді желілерінің қимасына қатысты дұрыс таңдалмаған. Сақтандырғыштың рұқсат етілген максималды тоғы кейбір жағдайларда, кабельдің рұқсат етілген тоғынан бірнеше есе көп, яғни желінің ұзақ жүктелуі нәтижесінде сақтандырғыш іске қосылмай, кабель қыза бастайды және оқшаулаудың балқуына немесе жануына әкеп соғуы мүмкін;
  3. Монтаждаудың орындалу деңгейі төмен;
  4. Қалқанның электр схемасы жоқ;
  5. Кабельдік затбелгілер, шығыс желілерінің атаулары көрсетілмеген.

Фото 1. Ғимараттың бас тарату қалқаны (БТҚ)

Жалға алушылардың тарату қалқаны (ТҚ-1) (Фото 2):

  1. Бұл қалқанда адамдарды электр тоғы соғуынан және өрттен қорғайтын дифференциалды қорғаныс мүлдем жоқ. Бұл қорғаныс өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына және электр қондырғыларын орнату ережелеріне сәйкес қажет етіледі;
  2. Автоматтардың номиналдары шығыс кабельдік желілерінің қимасына қатысты дұрыс таңдалмаған. Автоматтың максималды рұқсат етілген тоғы кейбір жағдайларда, кабельдің максималды рұқсат етілген тоғынан асады, яғни желінің ұзақ уақыт бойы шамадан тыс жүктелуі нәтижесінде автомат ажырпайды, кабель қыза бастайды және оқшаулаудың балқуына немесе өртенуіне әкеп соғуы мүмкін;
  3. Монтаждаудың орындалу деңгейі төмен;
  4. Қалқанның электр схемасы жоқ;
  5. Кабельдік затбелгілер, шығыс желілерінің атаулары көрсетілмеген.

Фото 2. Жалға алушылардың тарату қалқаны (ТҚ-1)

Жалға алушылардың тарату қалқандары (ТҚ-2, ТҚ-3) (Фото 3):

  1. Бұл қалқандарда адамдарды электр тоғы соғуынан және өрттен қорғайтын дифференциалды қорғаныс мүлдем жоқ. Бұл қорғаныс өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына және электр қондырғыларын орнату ережелеріне сәйкес қажет етіледі;
  2. Автоматтардың номиналдары шығыс кабельдік желілерінің қимасына қатысты дұрыс таңдалмаған. Автоматтың максималды рұқсат етілген тоғы кейбір жағдайларда, кабельдің максималды рұқсат етілген тоғынан асады, яғни желінің ұзақ уақыт бойы шамадан тыс жүктелуі нәтижесінде автомат ажырпайды, кабель қыза бастайды және оқшаулаудың балқуына немесе өртенуіне әкеп соғуы мүмкін;
  3. Жалға алушыларға арналған жеке электр есептегіштер жоқ;
  4. Монтаждаудың орындалу деңгейі төмен;
  5. Қалқанның электр схемасы жоқ;
  6. Кабельдік затбелгілер, шығыс желілерінің атаулары көрсетілмеген.

Фото 3. Жалға алушылардың тарату қалқандары (ТҚ-2, ТҚ-3)

Резервті автоматты іске қосу қалқаны (РАҚ) (Фото 4):

  1. Бұл қалқан кернеу қаланың орталық желісінен жоғалған жағдайда резервтік дизель генераторын автоматты түрде қосуға, сондай-ақ генераторды автоматты түрде өшіруге және орталық желіден қоректенуді қалпына келтіруге арналған;
  2. Тексеру мезетінде қалқан бөлшектелген, жұмыс істемейтін күйде болды;
  3. Монтаждаудың орындалу деңгейі төмен;
  4. Қалқанның электр схемасы жоқ;
  5. Кабельдік затбелгілер, шығыс желілерінің атаулары көрсетілмеген.

Фото 4. Резервті автоматты іске қосу қалқаны (РАҚ)

Резервті дизель-генераторлық қондырғы (ДГҚ) (Фото 5):

  1. Қолданыстағы жалғау схемасы бойынша ДГҚ БО электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етуі тиіс. Зерттеу барысында бұл ДГҚ қуаты бүкіл БО үшін жеткіліксіз екендігі анықталды;
  2. ДГҚ жерге тұйықтау контуры жоқ;
  3. Монтаждаудың орындалу деңгейі төмен;
  4. Қалқанның электр схемасы жоқ;
  5. Кабельдік затбелгілер, шығыс желілерінің атаулары көрсетілмеген.

Фото 5. Резервті дизель-генераторлық қондырғы (ДГҚ)

Тексеру барысында анықталған жалпы ескертулер:

  1. БО жерге тұйықтау контуры жоқ;
  2. Қорғау-өрт дабылының, бейнебақылаудың үздіксіз қоректендіру көзі жоқ;
  3. Негізгі қосы нүктесінде (БО қалалық желіден қоректендіру желісін) жоғары және төмен кернеуден, фазалардың ауытқуынан, асырма кернеуден қорғаныс жоқ;
  4. БО ресепшні жалға алушының розетка желісінен қуат алады, яғни ресепшенді электрмен Қз бойынша шығындар жалға алушыға түседі.

Шешім

Біз тапсырыс берушінің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, анықталған мәселелердің оңтайлы шешімін таңдадық:

  1. Басты тарату қалқанын (БТҚ) біздің жоба бойынша зауытта арнайы жасалған жаңа заманауи қалқанға ауыстыру. Жаңа қалқанға резервтік көзді (дизельді генераторды) автоматты түрде қосуды, жоғары және төмен кернеуден қорғауды, асырма кернеуден қорғауды, ажыратқыштарға салынған кіріс фазаларының индикаторын қамтиды (БТҚ қалқанының сұлбасын қараңыз);
  2. Жалға алушылардың тарату қалқанын (ТҚ-1) біздің жоба бойынша зауытта арнайы жасалған жаңа заманауи қалқанға ауыстыру (ТҚ-1 қалқанының сұлбасын қараңыз);
  3. Жалға алушылардың тарату қалқандарында аспалы орындаудағы жеке корпустардағы электр есептегіштерді орнату (ТҚ -2, ТҚ -3);
  4. БО дизель генераторынан қоректендіру жағдайында кондиционерлерді, қарды еріту жүйесін ажырату үшін қосымша басқарылатын коммутациялық құрылғыларды орнату. Осылайша, біз БО тұтынатын қуатына қолданыстағы дизель генераторының номиналды қуатына дейін азайттық;
  5. Дизельді генератордың жерге тұйықтау жүйесін монтаждау;

БТҚ қалқанының нобайы

БТҚ қалқанының нобайы

AQTech сайтына арналған

Тапсырыс беру

Менеджеріміз сізбен хабарласады